Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алғашқы 3 айда электр энергиясын өндіру көлемі 33,7 млрд кВт·сағ құрады, ал тұтыну 33,6 млрд кВт·сағ жетті. Осылайша, генерация профициті 100 млн кВт·сағ деңгейінде қамтамасыз етілді, бұл энергия жүйесінің теңгерімді жұмысын растайды.
Ағымдағы жылы Қазақстанда дәстүрлі және жаңартылатын энергияның 2,6 ГВт қуатын пайдалануға беру жоспарлануда. Биыл 4 бу-газ қондырғысы, 2 жел электр станциясы, 4 күн электр станциясы іске қосылып, екі электр станциясын кеңейту жоспарлануда.
Бұл жобаларды іске асыру 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай елдегі энергия тапшылығы мәселесін толық шешуге, ал 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитіне шығуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.