33 жасында таққа отырған Катар шейхі Астанаға келді


Шейхқа Ақордада ерекше құрмет көрсетілді. Катар әмірі кіші әл-Тани әкесі тақтан бас тартқа соң мұрагерлік жолмен билікке келген. 33 жастағы монархиялық мемлекеттің басшысы Астанаға тұңғыш рет келіп отыр. Қазақстан секілді мұнай мен газға бай ел, осы салада Астанамен байланыс орнатуға мүдделі. Екі арадағы сауда экономикалық қатынастың болашағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Катар шейхінің кездесуінде кеңінен сөз болды. Келіссөздердің соңында тиісті келісімдерге қол қойылды.