341 млн теңге жымқырған: Алматы қалалық емханасының бухгалтерлері сотталды

Алматы қаласы Медеу ауданының соты қалалық емхананың бухгалтерлері К.Хангиреева мен А.Туғанбаеваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Олар ауруханада іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған.

«Сот үкімімен бас бухгалтер Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.