"3,5 млн теңгеге суррогат ана болып, ақшасына ипотекаға үй алдым": Суррогат ана баласын бергенде қиналғанын жасырмады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Қыздар-ай" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бағдарламаға келіп, жүзін жасырыған мақпал есімді келіншек бар шындығын айтты: 

- Күйеуім мұғалім. Бұған дейін жұмыссыз болған. Жұмысқа жаңадан кірді. Тарих пәнінің мұғалімі. Жоқтықтан қиналып кеттік. Суррогат ана болдым. Маған 3,5 миллион теңге берді. Біз оған үй алдық. Яғни, алғашқы жарнасын төледік. Енді сол үйдің ай сайынғы несиесін төлеп отырмыз. Өзімнің екі балам бар. 

Баланы туған соң, біреуге бере салу қиын екен. Бірақ, мен басқа біреуге өмір сыйлап, басқа бір отбасын қуанттым. Бұдан кейін, суррогат ана болмаймын, -деп ағынан жарылды. 

Ал, шариғат бойынша суррогат ана болуға тыйым салынған.

"Ана бала сүйе алмаса, екінші әйел алсын. Сондай варианттар қарау керек. Суррогат ана дінде рұқсат жоқ. Ондай дінге қарама-қайшы әрекетке бармаңыздар", дейді дін өкілі. 

"Болашақ" суррогат ана орталығының директоры Дамира Шоқанқызы суррогат аналардың табысы жайлы айтты. 

- Суррогат анаға бір реттік 5 миллион теңге. Ал, ай сайын 200 мың теңге төленеді. 

Неге дінде рұқсат жоқ дейсіз? Ол дұрыс емес. Неге сіздер басқа медицинаға қарсы келмей, суррогаттыққа қарсы шығасыздар. Мен пәтуа бөліміне бұл туралы жаздым. Бірақ, маған ешкім жауап бере алмады", дейді. 

Бірақ, дін өкілі суррогаттық ана қате екенін және ол туралы арнайы мүфтият бөлімінде жазылғанын айтты. 

Құрметті оқырман! Сіз суррогат ана болуға келісесіз бе? 

Loading...