“35 жасқа дейінгі еркектерді ғана қабылдаймын” Жезөкшелікпен айына 1,5 миллион тапқан транссекуал ашық сұхбат берді (ВИДЕО)

Бұл туралы Caravan.kz порталы "Сөйлесейік" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

- Қазір табысың қайдан келеді?! Немен айналысасың?!

Салонда маникюр жасаймын. Қазіргі таңда карантин жабылып қалды. Бірақ мен инстаграм арқылы да табыс табамын. Жарнама жасап дегендей.

- Транссексуалдар жезөкшелер дегенге қалай қарайсың?! Және сен айналыстыңба өзің?!

- Иә, рас! Жасырып қайтемін. Айналыстым өзімде. Жарты жылдай. Сол жезөкше болып жүрген жерімнен ұстап алды ғой әке-шешем. Суретке түскенмін артыммен, сол суретті туыстарым тауып алып ата-анама жіберген. Солай мені тауып алған. 6 ай жезөкшелікпен айналыстым, көкірегімді жасатып алғанша. Одан кейін айналысқан жоқпын.

- Саған клиент болып келетін адамдар кімдер?!

Еркектер әрине! Көбіне қыздар да хабарласады. Бірақ мен қыздарды ешқашан қабылдамағанмын. Еркектер 18-60 жас арасында хабарласады. Мен бірақ тек 35 жасқа дейін ғана қабылдайтын едім, одан үлкен болса мен жиіркенемін.

Айына қанша табыс таптың?!

- Ең аз дегенде айына 1.5 млн теңге табатынмын. Сағатына 20 мың теңге алатын едім. Кейбіреулер бар 4-5 сағатқа алатын, кейбіреулер 1 күнге де алады деген сияқты. Солай айына 1.5 млн жоқ дегенде таптым. Оңай келген ақша не дегенменде оңай кетеді екен. Соны түсіндім. Қазіргі таңда айналыспаймын. Өзімнің демеушілерім бар 1-2 кісі. Соларга керек ақшамды айтамын, олар береді. Мен оларға ләззат сыйлаймын, кейде жәй ғана отырып әңгіме дүкен құрамыз.