"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі Алматы декларациясының мерейтойына арналған халықаралық конференцияға қош келдіңіздер. Осыдан 35 жыл бұрын тұңғыш рет әлемнің 157 мемлекеті Алматы декларациясын қабылдап, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға басымдық берген болатын", - деді А.Есімов. Шаһар басшысының айтуынша, бүкіл әлемнің денсаулық сақтау жүйесі үшін басты бағытты айқындаған осы құжаттың бүгінде мыңжылдық декларация атануы осының нақты дәлелі. Қазіргі таңда бұл мәселе өзінің маңызын жоғалтпай, өзектілігін арттырып келеді. Елбасымыз атап көрсеткендей, ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі. Қаламызда 1,5 миллионға жуық халық шоғырланғанын ескерсек медицина саласы біз үшін негізгі бағыттардың бірі болып табылады.