3-6 шілде күндері Қазақстанның Ұлттық музейіне тегін кіруге болады

Ұлттық музей - Орталық  Азиядағы теңдесі жоқ бірегей жоба. Ол Астанада Тәуелсіздік даңғылы мен Ж.Нәжімеденов көшесінің қиылысында орналасқан.  

Көлемі 74 мың шаршы метрден асатын Ұлттық  музейге Қазақстанның ерте ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі  археологиялық, этнографиялық жәдігерлері мен мәдени ескерткіштері жинақталған. Ұлттық музейдің құрамында Астана, Тәуелсіз Қазақстан, Алтын, Ежелгі және ортағасыр тарихы, Этнография, Тарих, Заманауи өнер залдары бар.

Музей халықаралық стандарттарға сай жабдықтармен жарақтандырылған. Экспозициялар үшін заманауи көрме технологиялары: бірегей иілгіш экран, медиа-еден, қазіргі Астананың орталық бөлігінің  серпінді макеті, көптеген медиаэкрандар, голограммалар, диодты жарығы бар LED-техника, сенсорлы дүңгіршектер, мультимедиялық жолсерік қолданылады.

Осы нысанның экспозициялық ауданының елеулі көлемін ескере отырып, ғимаратқа бірнеше музейдің, соның ішінде Тарих музейінің, Алтын және құнды металдар музейінің, Өнер музейінің экспозицияларын да орналастыру жоспарлануда.


Музейдің басты міндеттерінің бірі Қазақстанның мәдени мұраларын насихаттау, Астананы ұлттық және халықаралық деңгейлердегі мәдени орталық, ал Қазақстан Республикасын - ежелгі тарихы мен бай мәдениеті бар заманауи және серпінді дамып отырған мемлекет  ретінде дәріптеу болмақ.