Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Арқалық қалалық ІІБ басшысы Төрехан Жанқылышев хабарлады.
Шағымды жоғары сынып оқушыларының әрекетінен зардап шеккен баланың анасы берген. Ол баласын ағаш таяқпен жәбірлеп, қорлағанын айтқан. Полиция жедел заттай айғақтар алып, қатысушылар мен куәгерлерден жауап алып, сараптама тағайындады.
Сараптама нәтижесі бойынша балада зақымдану белгілері табылмады.
Істің мән-жайын анықтау барысында үшінші сынып оқушысы оқиғаны ойдан шығарғанын айтқан, анасы арызын қайтарып алды.
«Дегенмен, бұл оқиғаның туындау себептерін талқылау үшін іске педагогтар мен психологтарды тарттық», - деді Т. Жанқылышов.