4 адам өлтіргені үшін өмірінің соңына дейін түрмеде отырады


Бұған дейін де бірнеше рет сотталған Евгений Еремин биыл ақпан айында қарызын сұрап танысының үйіне барған. Ішіп отырып үй иесімен сөзге келіп қалады. Кейін оны ашынасымен бірге сол жерде пышақтап тастаған. Осы сәтте үйге кенеттен кіріп келген тағы бір туысын өлтіріп, қалтасынан кілтін алып, соның үйіне барыпты. Ол жерде де алдынан шыққан адамды пышақтап өлтіріп, үйдегі қымбат бұйымдарды тонауға кіріскен. Полиция келген сәтте Евгений Еремин асылып қалмақ болыпты. Алайда мұнысынан түк шықпаған. Өмірінің соңына дейін түрмеге қамалған нашақорды сот енді құмарлықтан күштеп емдеу жөнінде үкім шығарды.