"4 әйелі, жеке аспазшысы бар": Астана қаласы бас имамының жеке өміріне қатысты тың ақпарат тарады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Видео авторы бастапқыда зәулім үйді мешіт деп ойлаған.

"Мен мынаны басында мешіт деп қалдым. Сөйтсем, Астана қаласы бас имамының үйі екен. Мешіт сияқты, сұмдық үлкен. Ал енді садақа беріңдер. Әр жұма сайын салған садақаларың қайда кетіп жатыр? Қалтаға кетіп жатыр бәрі. Не деген сарай мынау!? Төрт әйелі және жеке аспазы бар екен. Жаңа осы үйдің аспазын әкелдім. Сендердің садақаларыңмен жалақысын төлейді. Қалай Алладан қорықпайды?! Мынаның арғы жағын көрсең, 1 гектар жерді қоршап алған", – дейді видео авторы.

Дегенмен, Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов Facebook желісіне жазба жариялап, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Ассалаумағалейкүм! Құрметті, бауырлар! Қадірлі мұсылман жамағат! Қазір әлеуметтік желіде Ислам дініне және діннің айналасында жүрген азаматтарға күйе жағу мәселесі белең алды. Ондай адамдар тым шектен шықты деп айтуға болады. Ең әуелі Алла оларға хидаят берсін дейміз."Ассалаумағалейкүм! Құрметті, бауырлар! Қадірлі мұсылман жамағат! Қазір әлеуметтік желіде Ислам дініне және діннің айналасында жүрген азаматтарға күйе жағу мәселесі белең алды. Ондай адамдар тым шектен шықты деп айтуға болады. Ең әуелі Алла оларға хидаят берсін дейміз.

Фейсбук, тикток әлеуметтік желісінде белгісіз бір азамат жалған аккаунт арқылы «Мынау тұрған зәулім үй Астана қаласының бас имамының үйі» деген мазмұнда видео бөліскен. Бұл мүлдем шындыққа жанаспайтын өтірік ақпарат екендігін қаперлеріңізге саламын.

Алла елшісі: «Сендердің араларыңдағы Алла Тағалаға ең жек көрініштілерің өсек таратып, адамдар арасына іріткі салып, алауыздыққа апаратындарың»-деген.

Ардақты мұсылман қауым, арандатушылардың өсек-аяңынан баршамызды сақтасын.
Мен, Ерболат Жүсіпов Астана қаласының Бас имамы ретінде бейне материалда тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеймін", - деп жазды елорданың бас имамы.