4 әскери қызметкер қаза тапты: Жамбыл обылысындағы жарылыс

Тараздағы әскери бөлімде өрт сөндіру барысында 4 әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы оқиға орнына аттанған қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы.

"Ең алдымен апатта өрт сөндіру барысында қаза тапқан төрт әскери қызметкердің жақын туыстарына көңіл айтамыз", - деді ол брифингте.

Сондай-ақ ол жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Айтуынша, 26 тамызда сағат 18:45-те "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылықтың базасындағы қоймалардың бірінен өрт шыққан. Өртті сөндіруге ең алдымен әскери бөлімнің өрт сөндірушілері аттанды. Әскери бөлімдегі кезекші бірден "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылықтың басшылығына хабар берді.


Өрт шыққаннан кейін бір сағаттан соң алғашқы жарылыстар басталды. Барлығы 10-нан астам жарылыс болды.

Ә