"4 мамырдан бастап сұлулық салондары жұмыс істейді". Алматы әкімдігі хабарламаға қатысты пікір білдірді

Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ға сілтеме жасап хабарлады. 

Желіде бірнеше кәсіпкерлік субъектілерінің мамырдан бастап жұмысқа кірісетіні көрсетілген жазба пайда болды.

Жарияланған хабарламада 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Қазақстанның тоғыз облысында бірнеше кәсіпорынның, соның ішінде сұлулық салондарының ашылатыны көрсетілген.

Сондай-ақ, әр облыста 6-11 мамыр аралығында қандай нысандар жұмысын бастайтыны айтылады.


Алайда Алматы әкімдігінің өкілдері бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды. Бұл фейк", - деді Алматы әкімдігінің өкілдері.