"4 млн кредиті бар, "отказной" жазып бер деді": Ұлдана Маруанның анасы экс күйеу баласы туралы өз шындығын айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында мәлімдеді.

"Маған ақпанда хабарласып, "отказной" жазып беріңіз деді. Мен өзім түсінбедім, "Не үшін?" деген едім, "Аманатқа қиянат жоқ, Әділет бар жауапкершілікті өзінің мойнына алады" деді. "Банк хабарласып жатыр, кредитті төлеуіміз керек" деді.

"Сіз отказной жазып бересіз бе? Ұлдананың метіркесі сізде ме?", - деді. Әділет "Каспийде кредиті бар, 3,5-4 млн шығар" деді. Бірақ ол банктен несие алмаған, оны біз заңгер арқылы білдік. "Бұл қызыңыздың атында ашқандай кредит жоқ" деді. 21 қарашада бәрін жапқан, ешқандай шоты да, кредиті де жоқ. Қызыңыздың шоты таза деді.

Отказной жазып бер дегені, сонда қызымның мұрасы болды ма? Әлі күнге дейін соны түсіне алмаймын. Соны ашықтан-ашық айтпас болмас па еді, дедім, "отказной" жаз дегенше дедім", - деді марқұмның анасы.