4 мың метр биіктіктегі жайлауда киіз үйдегі балабақша ашылды

 Бұл туралы КирТАГ «Роза Отынбаева бастамасы» халықаралық қорының қызметкерлеріне сілтеме жасап хабарлады.  

Бугу-Баш жайлауындағы балабақша қордың тау беткейіндегі ең жоғары жобасы болды. Тау шыңының биіктігі 4 мың метр.

Қырғызстанда барлығы 100-ге жуық жайлаудағы жазғы балабақша ашылған. Олардың 40-қа жуығы оңтүстікте. Балалар мұнда тегін демалады.