4 қыркүйек күні еліміздің бірқатар аймақтарында күн суытады

тек солтүстік-батыста ғана ауа райы тұрақсыз, жауын жауып, жел күшейеді, деп жазады Қазгидромет.

Солтүстік пен солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.   Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар  және Шығыс  Қазақстан облыстарында ауа райы 0-5 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.