40 тонна жанар-жағармай алып өтпек болған Ресей азаматы құрықталды


Отанына «Маз» көлігімен кетіп бара жатқан ресейлік азаматты Павлодар облысының шекара жасағы ұстады, деп хабарлайды ҰҚК Шекара қызметі.
Оның қолында тиісті құжаттары болмаған.
Дәл сол күні қазақ-қытай шекарасындағы «Қорғас» бекетінде 29 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Одан 330 бөьелке алкоголь өнімі тәркіленді.
Аталған фактілер жөнінде құқық қорғау орындарына хабарланды. Тергеу жүріп жатыр.