400-ге жуық жас шахматшылар Қазақстан чемпионатында бақтарын сынап жатыр

Жыл сайын чемпионат жаңа таланттарды анықтауға мүмкіндік беріп отыр және олар халықаралық турнирлерде ел намысын лайықты деңгейде қорғап келеді.

Бұл бәсекеде 400-ге жуық жас шахматшы бақтарын сынап көрмек. ҚР Шахмат федерациясының атап өтуінше, бүгінде шахматшылар шеберлігінің деңгейі айтарлықтай артып келеді.

«Жыл сайын аталмыш жарыстың танымалдылығы артып отыр. Алғашқы турнирді өткізгеннен бері қатысушылар саны 3 еседен астамға өсті»,-дейді ұйымдастырушылар.