42 500 теңге: өтініштерді қайта қарау ережесі бекітілді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

42 500 теңге тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған өтініштерді қайта қарау үшін аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен қоса тиісті өтініш беру қажет дейді министрліктегілер.

"Өтініш беріледі:

Жұмыс беруші тарапынан – ШОБ, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін. Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы шешім қабылданған қызметкерлер үшін беріледі.

Өз бетінше – әлеуметтік төлемді тағайындаудан  бас тарту (тоқтату) туралы  шешім қабылданған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша жұмыс істейтін адамдар
", - делінген хабарламада.