Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты біз мутацияланған штамдарға зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде КВИ науқастарынан алынған 131 үлгінің 77 "альфа", британдық штаммдар, 46 үлгіде "дельта", үнді штаммдары анықталды. Сонымен қатар, екі "гамма", оңтүстік африка штаммдары мен бір нью-йорк, "бетта" штаммы тіркелді. Жалпы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі "альфа" штаммының таралуынан, ал аурудың артуы Нұр-Сұлтан қаласы мен Ресейден әкелінген "дельта" штаммының салдарынан", - деді Жандарбек Бекшин ОҚК онлайн-брифингінде.
Эпидемиологтардың айтуынша, ПТР орташа тәуліктік оң нәтижелері 114-тен 188-ге дейін өсті. Соңғы аптада симптомдары бар КВИ жұқтырғандар үлес салмағы 32 пайыздан 53 пайызға дейін артты, бұл COVID-19-дың "дельта" штамы тез тарайтынын көрсетті.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин төртінші толқын қаупі төніп тұрғанын айтқан болатын.