"5-6 бала туып, нервісі кетіп, миы ашып жүреді": Танымал психолог көп балалы аналарға тиісті

Ол "санға емес, сапаға қарау" керек екенін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол өзінің жеке парақшасында мәлімдеді.

Декретке бір кіріп, 10-15 жыл декреттен шыға алмай кететін әйелдер бар. Бірінен кейін бірін 5-6 бала туып тастайды. Мен бала тууға қарсы емеспін. Мен Қазақстанның демографиясының артуын әрине қолдаймын. Бірақ біз ата-ана ретінде санға емес, сапаға көбірек назар аударуымыз керек. Егер 5-6 бала туып, артынан денсаулығыңыз, нервіңіз кетіп, миыңыз ашып, психикаңыз ашитын болса, "агрессивная" болып, бүкіл балаларға зорлық-зомбылық, айқай шу, ұрып-соғып көрсететін болсаңыз, "нервный" болып, күйеіңізге тиісіп, қарым-қатынас нашарлайтын болса, бұл 6 баланың өкінішке орай, сізден алар пайдасы аз. Одан да 3 бала болсын, әр бала арасында 2-3 жыл демалыс болсын.

Әр баладан кейін қалпыңызға келіп алыңыз, демалып, өзіңізге келіп алыңыз, миыңызды жинақтап алыңыз. Келесі баланы саналы түрде жоспарлап дүниеге әкеліңіз. Сол кезде сіз 10-15 жылдың ішінде мүмкін 3-ақ бала туасыз. Бірақ әр бала сізден ана ретінде, әке ретінде толыққанды сүйіспеншілік, мейірім көріп өсетін болады. 5-6 бала туып тастайды, ең кішкентайы ғана ата-ананың сүйіспеншілігін көреді, қалғандарының барлығы үйдің бір бөтен баласы сияқты жүреді", - деді психолог.