5 айда ІІМ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне 6 мың шағым түскен

«Үстіміздегі жылдың бес айында ішкі істер органдарының жеке қауіпсіздік бөлімшелері азаматтардың полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы 6,5 мыңнан аса шағымын қарады», - деп хабарлады ол жұма күні ішкі істер органдарындағы жемқорлықпен күрес мәселелеріне арналған интернет-баспасөз мәслихатында.

«Барлық арыздар бойынша тексеру жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша айыпты лауазымды тұлғалар қылмыстық және тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді А.Меңдіғалин.