5 аю аралдағы метеостанса қызметкерлерін сыртқа шығармай отыр


Ал станса қызметкерлерінде бірнеше  фальшфейер мен резеңке оқтар ғана бар. Бірді-екілі атып көргенмен жыртқыштар қорқа қоймады. Керісінше стансаны айналшықтап кетпей қойған, деп хабарлайды Ресей Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры (WWF).

Қыздардың бірі WWF-ға аюлар құрылыстардың маңына жайғасқанын айтты.  «Олар үйдің маңында ұйықтайды. Екеуі бірге, қалғандары бір-бірден жүреді», - деді метеостанса қызметкері. Мамандар болса, күніне екі рет далаға шығып теңізде өлшеу жүргізуі тиіс. Алайда қазіргі жағдайда ол тым қауіпті болып отыр.