5 қарашадан «KEGOC» акциясын сатып алуға өтінім қабылданады

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «KEGOC» АҚ-ның басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев мәлім етті.

«Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықтық ІРО» бағдарламасының екінші кезеңіне «KEGOC» акционерлік қоғамы шығуға дайын. Ертең, 5 қарашадан бастап компания акцияларын сатып алушылардың өтініштерін қабылдау басталады», - деді Б.Қажиев.

Оның атап өтуінше, компания ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 588 млн. теңге көлемінде таза табыс алды.