5 қыркүйекте Литва Республикасының сыртқы істер министрі Астанаға жұмыс сапарымен келеді



Бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар еткеніндей, "кездесу барысында тараптар екі жақты Қазақстан-Литва ынтымақтастығының энергетика, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы перспективалары мен қазіргі ахуалы жөнінде, сондай-ақ халықаралық саясаттағы өзекті мәселелерді талқылайды".

Тараптар сондай-ақ, 17-18 қыркүйекте Астана қаласында өтетін сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Литва үкіметаралық комиссиясының кезекті үшінші отырысы жөнінде пікір алмасады.