Антикор су тасқынын жою бойынша бюджет қаражатын бөлуде мониторинг жүргізу мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік сатып алу мониторингі, бюджет қаражатын тиімді жұмсау, сондай-ақ "цифрлық теңге" арқылы "ақшаны бояуды" енгізу жөніндегі жұмыс жалғасатыны айтылды.
"Өткен кезеңде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарымен 69 талдау және мониторинг жүргізіліп, жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 565 ұсынымдар мен ұсыныстар енгізілді. Алдын алу шараларымен, оның ішінде жемқорлыққа қарсы еріктілермен 17 миллиард теңгеден астам сома қаражатты негізсіз пайдалануға жол берілмеді", - делінген хабарламада.
1 тоқсанда 43 проблемалық кейс бойынша 5 мыңға жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалғаны айтылды. Залалды өтеу және активтерді қайтару бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі бағаланды.
"Биыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 488 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді.
Бұл ретте, ағымдағы күн тәртібін ескере отырып, агенттік төрағасы Асхат Жұмағали өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шараларға бөлінетін бюджетті мониторингтеу қажеттігіне ерекше назар аударды.
"Қаражаттың мақсатты және тиімді бөлінуін қатаң бақылау міндеті бірінші орынға қойылды.