"50 жылда әйел атаулыға күйеу керек болмайды": Блогер әйелдер еркекті қажет етпейтін уақыттың алыс емес екенін айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тортуыл Шоқанның фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол әйелдердің ерлерге қарағанда табыскер екенін айтты.

Расымен, ақшасы бар әйел еркекті қажет етпей қала ма? Шаңырақтың бекем болуы ер азаматтың қолында ма? Әйел ерді, ер әйелді кінәләу қоғам дерті сыңайлы. Отбаысында кім табысты, сол мықты ма?

Блогердің айтқаны қаншалықты рас?

"Байқаймын, енді бір 50 жылда әйел атаулыға күйеу керек болмайды-ау..

Разовый еркекті табар, бірақ, отбасы институты деген болмайтын сияқты..

Әйел қазірдің өзінде ақша тауып, жағдайын жасауды үйренді.

Таңдаған еркектен бала табуды білді, болды.

Ал, болашақта еркекке заңды әйел керек бола ма, жоқ па, білмедім.

Оны «зерттеу» керек сияқты", деп жазды.

"Біздің өмір кейінгілер сказка боп қалса керек", "Әйел өз бетінше өмір сүре алады, ал еркек жоқ. Сондықтан көзқарасты өзгерту керек. Бәрібір бұрынғыны аңсағанмен енді ол дәуір оралмайды", "Еркек те ер болуға талпынып, жанұясын қамтамасыз етемін деген еркектен әйелдің қашқанын көрмеппіз", деп жазды оқырмандар.