500 мың доллар пара сұраған салықшы неше жылға сотталды?

Қызмет бабын пайдаланып, компаниялардың бірінде тексеріс жүргізбеу үшін ірі көлемде ақша талап еткен Ысқақов сәуір айында сақшылардың қолына түскен. Енді дүние-мүлкі тәркіленіп, өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Жазасын да қатаң тәртіптегі колонияда өтеуі тиіс. Сотталушының өзі тағылған айыппен сол күйі келіскен жоқ. Айтуынша, ол бір серіктестіктің ірі көлемде кедендік төлемдерді мемлекетке құймағанын әшкере етіп, басшылығына мәлімдепті. Бірақ артынан өзім кінәлі болып шықтым дейді экс-салықшы. 

Loading...