Caravan Logo

500-ге жуық отандастарымыз шетелден ПТР-тестсіз келген

500-ге жуық отандастарымыз шетелден ПТР-тестсіз келген

2021 жылдың 6 ақпанында Қазақстанға 17 халықаралық рейс келді, оның ішінде: Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь және Өзбекстаннан.

2 099 жолаушының 1 615-інің ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен. 484 азамат анықтамасыз келген.

Оның ішінде:

Алматы әуежайына - 9 рейс келді, 1 350 жолаушы, анықтамамен - 1 049, анықтамасыз - 301;

Нұр-Сұлтан әуежайына - 6 рейс, 431 жолаушы, анықтамамен - 355, анықтамасыз - 76;

Ақтөбе әуежайына - 1 рейс, 232 жолаушы, анықтамамен - 125, анықтамасыз - 107;


Шымкент әуежайына - 1 рейс, барлық 86 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары ПТР-тест тапсырды, олар карантин стационарында өз нәтижелерін күтіп жатыр.