50-дегі еркек бүлдіршіндерді зорламақ болған


Еш жерде жұмыс істемейтін, үйленбеген азаматты сот қамауға алу туралы қаулы шығарған. Тергеу ісі бойынша спирттік ішімдікке сылқия тойып алған ол көрші қос бүлдіршін қызды сарайға шақырып, жыныстық қатынасқа түсуге талпынған екен. Қазір, қыздар медициналық сараптамадан өтіп жатыр. Егер, күдіктінің кінәсі дәлелденсе 12 жылға сотталуы мүмкін. Ал тергеу аяқталып, сараптама қортындысы шыққанша 2 айдай қамауда отырады.