Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"5-10-20" бағдарламасы күнкөріс деңгейінен 3,1 %-дық шамасына 100 мың теңге табыс табатын азаматтарға бағытталған. Егер де, сіздің жағдайыңыз одан жоғары болса, "7-20-25" бағдарламасына қатыса аласыз. Ол тоқтатылмайды, мерзімі – 5 жыл, - деді министр.
Сондай-ақ, министр соңғы 3 жылда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 36,8 млн шаршы метр немесе 330 мың тұрғын үй салынғанын айтты.
Бір адамға енгізілген шаршы метр 0,71%-ды құрады. Бұл ТМД елдеріндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Өткен жылы 13,1 млн шаршы метр үй салынды. Тұрмыстық жағдайын 116 мың отбасы жақсартты. Әлеуметтік жалға беру тұрғын үйімен 11 мың отбасы мен 3 мың жұмысшы жас қамтылды. 10 мыңға жуық отбасы қолжетімді бағамен әлеуметтік баспанаға ие болды. 5 мың отбасы "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша тұрғын үй алды. Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Мемлекеттік қолдаумен 39 мың отбасын қамту қарастырылған, - деді министр.
Бейбіт Атамқұлов жыл басынан бері 3,1 млн шаршы метр немесе 25 мың тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты.
Биыл мемлекет басшысының тапсырмасымен кезекте тұрғандардың жағдайын жақсарту үшін "Шаңырақ" пилотттық бағдарламасы іске қосылады. Бұл мақсатқа 390 млрд теңге бөлінеді. Оның ішінде 180 млрд теңгесі өңірлерде әлеуметтік несиелік баспана салуға, 210 млрд теңге "5-10-20" бойынша кезекте тұрғандарды ТЖҚБ бойынша несиелендіруге бағытталады, - деді министр.