Түркістан облысының кейбір аудандарында аптап ыстық нағыз шегіне жеткен: +55, +60-қа барған да секілді. Бұл туралы мына видеодағы сарыағаштықтар айтып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мына Сарыағаш көшесімен келе жатқан көлік жүргізуші қазір онда +55 болып тұрғанын, тіпті алдағы күні ауа-температурасы +60-қа баратынын айтып, болжайды. Ал ол көрсеткен көшедегі бағдаршам болса, күннің шыжыған ыстығына шыдамай, балқып жатыр.
Дегенмен мұның қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз.