56 жылдың ішінде күйеуі әйеліне 55 мың көйлек сыйлаған

“Біз алғаш рет билеген кезде түні бойы биледік. Содан бастап бір-бірімізге жақын болып, сол күннен бастап көйлек сатып алуды бастадық”, – дейді Пол. Осылайша Пол 56 жасына дейін күніне орта есеппен 2-3 көйлектен сатып алып отырған.


“Мен әрбір жаңа көйлекті сатып алған сайын, оны әйелімнің киіп қалай құлпыратынын елестетемін. Ол ешқашан бір көйлекті бірнеше рет киіп жүре беруге тиісті емес”, – дейді күйеуі.

Пол мен Маргоның қазір қызғыштай қорып сақтап отырған көйлектер қоймасының аумағы 4 мың шаршы метрге жеткен. Алайда осыншама кең көлемді ұстап отыру шығыны артқаннан кейін олар көйлектің тең жартысын контейнерге жіберген.