579 қатысушы «елбасы медалінің» иегері атанды

«Елбасы Медалі» бағдарламасына қатысу шарттары өзгереді. Бұл шешім жоба қатысушыларын марапаттау жөніндегі комиссияның отырысында қабылданды. "Елбасы Академиясы" КҚ басқарушы директоры Алина Хаматдинова бағдарламаны іске асыру және "Елбасы медалі” бағдарламасының қола, күміс және алтын деңгейіне қатысушылардың нәтижелері туралы айтып берді: 

"Комиссия отырысында жобаны аяқтаған және "Елбасы медалі" бағдарламасының барлық талаптарына сәйкес келетін 579 қатысушыдан тұратын тізімді ұсынамыз: 455 қола, 100 күміс және 24 алтын деңгей. Сондай-ақ, 9 қатысушы бағдарламаны аяқтап, "Елбасы медалі" бағдарламасын аяқтағаны туралы сертификат алады». 

Қазіргі уақытта жобада 1500-ден астан қатысушы «Елбасы Медалі» бағдарламасының жеті бағыты бойынша, яғни спорт және дене шынықтыру, кітап оқу, дарын мен дағды, ұлттық мұра, еріктілік, туристік саяхат және еңбек тәжірибесін шыңдап жатыр.  Бұл жоба  өскелең ұрпақ арасында жаңа трендке айналып үлгерді.

«Елбасы Медалі» бағдарламасы»  жастарға өзге тараптардан көмек күтпей, өз болашағын өздеріне құруға мүмкіндік береді.  Ең бастысы шығармашылық, мәдени және спорт бағытындағы қабілеттерін ұштайды. Осы күнге дейін бағдарлама 20 мыңнан астам қатысушыны қамтыды, оның 7559-ына «Елбасы медалі» ерекшелік белгісі берілді. Қола медальді 7329 қатысушы алса, 196-ы күміс медаль,  34-і алтын медальмен марапатталды. Мемлекеттік білім гранттары 605 Елбасы медалінің иегерлеріне берілді, олардың 30%-дан астамы – ауыл мектебінің түлектері.


Естеріңізге сала кетейік, жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының "Еl Úmiti" бастамасы аясында жас таланттар мен ел көшбасшыларын қолдау және дамыту бағытында жүзеге асырылуда. Бұл - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама.

“Елбасы медалі” иегерлерінің тізімі