Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров Туризм және спорт министрлігінің шенеунігіне қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атап айтқанда, Туризм және спорт министрлігінің Спорт істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының директоры мен оның орынбасарына қатысты тергеу аяқталған.
"Олар кәсіпкерлік субъектісімен бірлесіп, спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуға арналған 584 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру және туроператорлармен жоғары бағада келісім-шарт жасады деген күдікке ілінген", – деді Биғайдаров Антикорда өткен брифингте.
Сонымен қатар, Антикор мәліметінше, осы мекеменің директоры жеке компанияның директоры бола отырып, 2021 жылы Батыс Қазақстан облысында футбол мен хоккейді дамытуға бөлінген 161,9 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған.