5-маусымда Ресей, Беларусия және Қазақстанда халықаралық табиғатты қорғау сенбілігі өтпек

делінген жұмада РФ Табиғатты қорғау министрлігінің хабарламасында.

"Табиғатта әкімшілік шекара жоқ, табиғатты қорғау саласында елдердің ынтымақтастығында да шекара болмауға тиіс", деді ведомство басшысы Сергей Донской Сочиде өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық одақтың Интеграциялық комитеті жанындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Кеңестің отырысында сөйлеген кезінде, оны баспасөз қызметі келтіріп отыр.

"Бүкілресейлік акция барысында су нысандарын, қалалық жағажайларды, саябақ аумақтарын қоқыстан тазалау шаралары жүргізілмек", делінген хабарламада.


5-маусым күні мұндай шаралар Қазақстан және Беларусия аумақтарында да өтпек.