6 адамды көлігімен қағып кеткен Үсеновке қатысты қылмыстық iс тоқтатылды


деп хабарлады ОКҚ брифингінде ҚР Жоғарғы Сот алқаларының төрағасы Ақылтай Қасымов.

"Алматыда BMW X6 көлiгiмен алты адамды қағып, 1 адамды мерт қылған Мақсат Үсеновтiң iсiне қатысты құқық қорғау және сот органдарының барлық қадамдары елiмiздiң Қылмыстық-процессуалдық және Қылмыстық кодекстерiнiң аясында жүргiзiлдi. Қолданыстағы Қылмыстық-процессуалдық кодекс бойынша орташа ауыр қылмыс жасалған тұста, егер кiнәлi адам өз кiнәсiн мойындап, екi тарап келiсiмге келсе, заң құқық қорғау органдарын қылмыстық iстi тоқтатуды мiндеттейдi. Үсеновке қатысты қозғалған қылмыстық iс құқық қорғау органдарымен қозғалды және сол органмен жабылған болатын. БАҚ құралдарының сот органдарына қатысты жолдаған сұрақтары бiзге емес, сол құқық қорғау органдарына жолдануы тиiс. Жол-көлiк апатында қайтыс болған жiгiттiң әкесi Үсеновке қатысты ешқандай кiнә артпайтындығын және оны кешiретiндiгiн арыз түрiнде жазғаннан кейiн, құқық шорғау органдары қылмыстық iстi тоқтатуды шештi. Осыдан кейiн Үсеновтi тергеу изоляторынан шығару туралы материалдар аудандық сотқа түстi. Әрине сот оны тергеу изоляторынан шығару туралы шешiмдi шығарудан басқа амалы қалған жоқ. Себебi қылмыстық iстiң өзi тоқтатылған болатын. Бәрiңiзде бiлесiздер аталмыш шешiм Алматы облысы Алмалы аудандық сотымен шығарылды. 
Құқық қорғау және сот органдарының барлық қадамдары елiмiздiң Қылмыстық-процессуалдық және қылмыстық кодекстерiнiң аясында жүргiзiлдi", - дедi ол. 
 Айта кетейiк, 1 желтоқсан күнi Алматыда көлiк құралын жүргiзу құқығынан айырылған Мақсат Үсенов көшеде алты адамды қағып кеткен болатын. Оқиға орнында бiр адам көз жұмды. Дегенмен қылмыстық iс 22 қаңтар күнi тараптардың мәмiлеге келуiне орай тоқтатылды.