6 қазан. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

Дүниежүзілік табиғи ортаны қорғау күні. 1979 жылы Еуропада жабайы фауна мен флораны, жануарлар жайлаған табиғи ортаны қорғау туралы Конвенция аумағында бектілді.

Беларусьтегі мұрағатшы күні. Өз жұмысын 1863 жылдан бастаған тұңғыш орталықтандырылған мемлекеттік мұрағат - Витебск көне актілер кітаптарының орталық мұрағаты.

Египеттің әскері күні (Қарулы күштер күні). 1973 жылы дәл осы күні Египет әскері Суэц каналын кешіп өтіп, израильдік әскерлерге шабуыл жасады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

21 жыл бұрын (1992) Алматыда Азиялық тәуелсіз және плюралистік ақпарат құралдарын дамытуға ықпал ету жөніндегі ЮНЕСКО семинары өз жұмысын бастады.

8 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасы аумағында ғалым, жазушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 125 жылдық мерейтойына арналған пошта маркасы айналымға шықты. Таралымы - 245 000 дана.

9 жыл бұрын (2004) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссия қорытындысы негізінде Қарағанды облыстық мәслихаты Осакаров, Жаңаарқа және Шет аудандары елді мекендерінің атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Октябрь селосы - Қарағайлы, Литвиновка мен Красноармейский ауылдық округі - Есіл, Скобелев ауылдық округі - Сұңқар, Вольский - Сарыөзек, Пролетарский - Ақбұлақ болып өзгертілді. Жаңаарқа ауданының Аппаз ауылына Мұқажан Жұмажановтың, Шет ауданының Жарық темір жол стансасына Сәкен Сейфуллин есімі берілді.

54 жыл бұрын (1959) планетааралық «Луна-3» станциясынан Айдың екінші беті суретке түсірілген. Бортта орналасқан фотокамера Ай шарының жартысынан көбін түсірген. Суреттер бортта өңделіп, фото теледидар арқылы Жерге жіберілген.

8 жыл бұрын (2005) Павлодар облысы Лебяжі ауданының Черное ауылындағы бір көшеге бұрынғы кеңшардың директоры Мұхтар Арыновтың есімі берілді. ХХIII партсъезд атындағы кеңшарды 18 жыл бойы басқарған, ол ауылдастарының мұқтаждарына көңіл бөліп отырған. Ол басқарған шаруашылық жоғары көрсеткіштерге жетті, Черное ауылының көшелеріне асфальт төселіп, мектеп, және шаруашылықтың жұмыскерлеріне ыңғайлы үйлер салынды. Ауылдастарының М.Арыновтың есімін мәңгі есте сақтап қалу ниетін жергілікті билік өкілдері қолдады.

4 жыл бұрын (2009) Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында алғашқы жоғары кернеулі трансформатор шығарылды. Қуатты машинаны «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ы жасап шығарған, олар бір жыл ішінде қуаттылығы 25000 кВА жоғары кернеулі трансформаторларды шығаратын жаңа цехты салды.

Бұл - отандық энергетика саласындағы инновациялық жоба. Жаңа цех жетекші батыс фирмаларының жоғары технологиялық жабдықтарымен жарақтанған.

4 жыл бұрын (2009) «Нұр Отан» ХДП-нің «Жас Отан» жастар қанатының жеке интернет-сайты www.zhasotan.kz ашылды.

«Жас Отанның» беделін арттыру, «Жас Отан» мен жастар арасындағы қарым-қатынасты күшейту мақсатында құрылды.

42 жыл бұрын (1971) американдық BBN Technologies компаниясының инженері Рэй Томлинсон кеңсе ішіндегі бір компьютерден екіншісіне локалдық жүйе арқылы тұңғыш рет электрондық жолдау хат жіберді.

27 жыл бұрын (1986) Атлант мұхитында бортында баллистикалық зымыраны бар «К-219» атты КСРО-ның суасты атом сүңгуір қайығы батып кетті.

3 жыл бұрын (2010) елордалық «Бәйтерек» медиаорталығында «Біз - бір командамыз!» Ұлттық сыйлығының таныстырылымы өтті, оған әрбір қазақстандық Отанымыздың игілігі үшін ерлік көрсеткен өзінің достарын, туыстары мен жақындарын ұсына алады.

3 жыл бұрын (2010) ұлы Абайдың отанында, Семейде және Абай ауданында қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 165 жылдығына арналған салтанатты шаралар өтті. Мерейтойлық Абай жылының ауқымында облыс орталығында көптеген әдеби және музыкалық жанрлар бойынша байқаулар, Абай оқулары, басқосулар, көрмелер, концерттер, көркемсөз оқушылар сайысы өтті.

3 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мұнай айналымы және мұнай өнімдерінің кейбір түрлері саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

3 жыл бұрын (2010) Таразда қаланың орталық мешіті - hибатулла әт Тарази жанында медресенің жаңа корпусы ашылды.

2 жыл бұрын (2011) Бакуде түркітілдес мемдекеттер арнайы қызметтерінің XIV конференциясы өтті.

1 жыл бұрын (2012) «Самал» оңалту орталығында мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған клуб-дәмхана ашылды.

1 жыл бұрын (2012) Форт-Шевченко қаласындағы Украинадан тыс жердегі Тарас Шевченконың мұражайы 80 жылдығын атап өтті.

1716 жылы қазіргі қаланың орнында әулие Петр бекінісі болған. Кейіннен мұнда Новопетровское бекінісі орналасты. Осында Тарас Шевченко Орынбордағы тұтқыннан кейін жеті жыл айдауда болды. Мұнда ол 200-ден астам жұмыстарын, осы жердің пейзажын бейнелеген суреттері мен нобайларын жазды. Шевченко мұражайы бекініс коменданты Ираклий Усковтың жазғы резиденциясында орналасқан. Ғимараттың салынғанына 150 жылдан асты. Осы жерге ұлы Кобзарьға ескерткіш орнатылған.

86 жыл бұрын (1927) дыбысты киноның дәуірі басталды - «Уорнер Бразерс» компаниясы шығарған «Джаз әншісі» атты алғашқы дыбысты фильмнің премьерасы болды.

330 жыл бұрын (1683) алғашқы неміс қоныстанушылары Америкаға (Пенсльвания) келіп, Германтаун елді мекенінің негізін қалады.

324 жыл бұрын (1689) Александр VIII Рим Папасы болып сайланды. .

223 жыл бұрын (1790) Женева зергері Якоб Швепп жасанды минералды суды жасау әдісін ұсынды.

212 жыл бұрын 1801) Наполеон Голландияға жаңа конституцияны сыйға тартты.

105 жыл бұрын (1908) Крит Түркиядан тәуелсіздігін және Грекияға қосылатынын жариялады.

69 жыл бұрын (1944) Болгарияда халық трибуналдары құрылды.

65 жыл бұрын(1948) делегация Ньюфаундленд (Англия) делегациясы Канадаға қосылу жөнінде келіссөздерді бастады.

54 жыл бұрын (1959) таңертеңгі 5:30-да Таяу Шығыстағы Израильдің Хайфа қаласындағы алғашқы «Кармелит» метрополитені жүмыс жасай бастады.

27 жыл бұрын (1986) Канада саяси босқындары үшін БҰҰ жұлдесіне ие болды.

27 жыл бұрын (1986) Гарри Каспаров Анатолий Карповпен матчында шахматтан әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

20 жыл бұрын (1993) Қазақстанның Халықтық демократиялық партиясы құрылды.

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1923-2001) республикадағы хореография өнерінің қалыптасып даму жолына мол үлес қосқан қазақтың тұңғыш кәсіби биші-балетмейстері, Қазақстанның халық әртісі ӘБІРОВ Дәурен Тастанбайұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Алматы хореография училищесін, Мәскеу қаласындағы театр өнері институтының балетмейстерлік бөлімін бітірген. 1952-1977 жылдары - Қазақ академиялық опера және балет театрында балетмейстер болып, театр сахнасында М.Чулакидің «Жастық», Ф.Яруллиннің «Шурале», Ғ.Жұбанованың «Аққұс туралы аңыз», Е.Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», т.б. балеттерін, сондай-ақ опералық және драмалық спектакльдер мен фильмдердің билерін қойған. Ол Альберттің (А.Адан «Жизель»), Нұралының (Б.Асафьев «Бақшасарай бұрқағы»), т.б. партияларын биледі. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің 2-ші онкүндігіне қатысқан.  1952 жылдан Алматы хореография училищесінде, Алматы театр және кино өнері институтында, Қазақ қыздар педагогикалық институтында, Жоғары хореография мектебінде педагогикалық қызметпен айналысқан. Ә.Исмаиловпен бірге «Қазақтың халық билері» атты кітап жазған.

«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.


99 жыл бұрын (1914-2002) атақты норвегиялық саяхатшы және ғалым-антрополог ХЕЙЕРДАЛ Тур -  дүниеге келді.

Норвегияның Ларвик қаласында туған. Тынық мұхитындағы Маркиз аралдарындағы тұңғыш зерттеулерін ІІ дүниежүзілік соғыс бөліп жібереді. Хейердал байланысшы-диверсант ретіндегі арнайы дайындықтан өтіп, Норвегияны ұлтшылдардан азат ету үшін күреседі және ержүректілігі үшін марапатталған.

Жинақтаған тәжірибелері оның экспедицияларының табысты болуына мүмкіндік беріп, ал өзі Тынық мұхит аралдарына Оңтүстік Америкадан көшіп-қонушыларды қоныс аудартудың сенімді жақтаушысы болған. Оның көптеген қарсыластары келтірген басты уәждерінің бірі - америкалық үндістердің алыс қашықтыққа теңізді кешіп өте алатын кемелері болмаған.

1947 жылы Хейердал мен оның 5 серіктесі қолайлы «Кон-Тики» ағашынан көне дәуірлік перулықтардың сал қайығын жасап, қастарында қолдау көрсету үшін еріп жүретін кемелер көмегінсіз-ақ, Перудан Полинезияға дейінгі 8000 шақырымдық су жайылған кеңістікті өз күштерімен жүзіп өтеді. Осы экспедицияның тыныс-тіршілігі барысын бүкіл әлем 101 күн асқан қызығушылықпен қадағалап отырды.

Т.Хейердал бірнеше кітаптардың авторы. Ол тұрған үйге ескерткіш орнатылған.

67 жыл бұрын (1946) Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжінің директоры  ҚҰРМАНАЛИНА Шалқыма Хайроллақызы дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген, педагогика ғылымдарының докторы.

4 монографияның, 26 ғылыми еңбектің, 50-ден астам жарияланымдардың, оқулықтардың, оқу құралдарының авторы, ҚР Білім беру мемлекеттік стандарттарының 12 жылдық оқытуды жүзеге асыру әдістемесі авторларының бірі. 1970 жылдан - педагогикалық училищенің математика пәнінің, математика әдістемесінің оқытушысы.  1992 жылдан педагогикалық училище директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары. Қазіргі қызметінде 1994 жылдан бері.

Орал қаласының қоғамдық өміріне белсене қатысып келеді, ҚР іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі. Көптеген медальдармен марапатталған. ҚР еңбек сіңірген қайраткері.

51 жыл бұрын (1962) ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары  СЫДЫҚОВ Серік Сіләмжанұлы дүниеге келді.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жауапты қызметтер атқарды, «Тұран-Агро» фирмасы заң бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президентінің Жоғарғ Кеңестегі өкілі -аға сарапшы, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратында консультант, құқықтық сараптама бөлімінің сектор меңгерушісі,  Сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болды. «Құрмет» орденімен, ТМД ПАА құрмет грамотасымен және күміс медалімен, бес медальмен марапатталған.  

35 жыл бұрын (1978) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлгінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары ЖҰМАЖАНОВ Бауыржан Жұмажанұлы дүниеге келді.

Гурьев облысында туған. ҚР ІІМ Академиясының құқықтану факультетін, заңгер, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық институтының құрылыс факультетін бітірген.

1996 жылы - Атырау облыстық ауруханасында бухгалтер, 1996 жылғы қыркүйектен - ішкі істер органдарында қызмет атқарды. 2005 жылдан Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің бас маманы. 2006 жылдан - «Тимберлэнд» ЖШС директорының орынбасары. 2008 жылы - Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы. 2008 жылдан - «Астана коммуналдық шаруашылығы» АҚ шарттарды орындау бөлімінің бастығы. 2008-2009 жылдары - Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімдігі аппаратында - инфрақұрылымды дамыту бөлімі бастығының міндетін атқарушы. 2009 жылғы шілдеден - Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы бастығының орынбасары. 2009 жылғы желтоқсаннан - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы және су биологиялық ресурстары басқармасының бастығы. Қазіргі қызметінде - 2010 жылғы сәуірінен бері.

55 жыл бұрын (1957) «Рудниый индустриальдық институты» республикалық кәсіпорнының ректоры НАЙЗАБЕКОВ Әбдірахман Батырбекұлы дүниеге келді.

Техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Жоғары мектеп ғылымдары ұлттық академиясының академигі, ҚР Жаратылыстану ғылымдары ұлттық академиясының академигі.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 1980 жылы Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіргеннен кейін Алматыда «Қызыл ту» пластмасса өңдеу зауытында учаске мастері болды. 1981-1982 жылдары - Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнында (Теміртау қ.) оқытушы. 1984-1987 жылдары - Мәскеу құрыш және қорытпалар институтының аспиранты. 1988 жылдан Қарағанды металлургиялық институтында оқытушы, доцент, кәсіптік-техникалық факультеті деканының орынбасары, оқу жұмыстары жөніндегі проректорының орынбасары, оқу жұмыстары жөніндегі проректоры. 1998 жылдан Қарағанды металлургия институтының (қазіргі «Қарағанды» РМК) ректоры. 2012 жылдан - қазіргі қызметінде. 300-ден астам ғылыми-әдістемелік жұмыстардың, екі монографияның, авторлық куәліктердің, патенттердің, оқулықтардың авторы. Құрметті білім қызметкері.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005ж.)), «Ерен еңбегі үшін» (2007ж.) медалімен марапатталған.

42 жыл бұрын (1971) «Қазтеңізкөлікфлот» АҚ бас директоры ОРМАНОВ Марат Көшкенбайұлы дүнтеге келді.

Севастополь жоғары әскери-теңіз инженерлік училищесін бітірген, инженер-механик. «Қайнар» университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірген.

1993-1996 жылдары - ҚР Әскери-Теңіз Күштерінде қызмет атқарды. 1996-2001 жылдары - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да әртүрлі қызметтер атқарды. 2001 жылдан - «Қазтеңізкөлікфлот» АҚ-да қызмет жасайды, 2005 жылдан оның бас директоры.

 83 жыл бұрын (1930-2000) сириялық әскери, саяси, мемлекеттік қайраткер, Сирия қорғаныс министрі, Сирия премьер-министрі, 1971-2000 жылдардағы Сирия президенті, генерал  Хафез аль-Асад дүниеге келді.

147 жыл бұрын (1866-1932) канадалық және американдық өнертапқыш Реджинальд Обри ФЕССЕНДЕН дүниеге келді.

113 жыл бұрын (1900-1987) кеңестік грузин театр және кино актері АНДЖАПАРИДЗЕ Верико Ивлиановна дүниеге келді.

73 жыл бұрын (1940) кеңестік және литвалық театр және кино актері, Литва халық әртісі Юозас Станиславович БУДРАЙТИС дүниеге келді.

73 жыл бұрын (1940) кеңестік және ресей театр және кино актері, Ресей халық әртісі  ПАВЛОВ Виктор Павлович дүниеге келді.

167 жыл бұрын (1846-1914) американдық өнертапқыш, инженер және өнеркәсіпші ВЕСТИНГАУЗ Джордж дүниеге келді.