Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Күн тәртібінде – жаңа оқу жылына дайындық барысы.
Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.