6 жастағы бүлдіршінқуыстан өтемін деп қысылып қалды


Ойын баласы Байзақ ауданындағы «Мырзатай» орта мектебінің алдында ойнап жүрген. Достарынан қашамын деген ол білім ошағының алдындағы алып екі бағананың арасынан өтпек болыпты. Бірақ, басы қысылып тұрып қалған. Ата-анасы, тіпті көрші-қолаң жабылып оны қуыстан шығара алмай, амалсыз құтқарушыларды шақырды. Алайда төтенше жағдайлар қызметі мамандарының өзі 40 минутта әзер жеткен. Сол уақытқа дейін ойын баласы қуыста табжылмай тұрды. Біраз тер төккен құтқарушылар бетонның арасын арнайы құралмен ашып, басы қысылған баланы әзер шығарды.