Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы психологтың Instagram-на сілтеме жасап хабарлайды.
Оқырманы психологке “Әйелімнің көзіне 6 жыл бойы көзіне шөп салдым. Ол өзгеріп кетті. Бұрынғы әйелімді қалай қайтарамын” деп сұрақ қойды.
Психолог оқырманына “6 жыл көзіне шөп салсаң әйеліңнің жан дүниесі өліп қалған. Саған деген ешқандай сезімі, былай айтқанда өлген адам сияқты ғой. Ол не үшін жүр? Не үшін кетпейді? Бала үшін жүр ғой. Қаншама әйел осылай изменаның құрбаны болып жүр. Балалар үшін ғана шыдап, өздерін құрбандыққа шалып жүр. Бала болмаса сен сияқты еркектен бұрын кетіп қалар еді. Ең ауыр жаза оларға көзге шөп салу. Әрине бұрынғыдай болмайды. Сәл де болсын әйеліңнің көңілін аулау үшін күніге қуаныш сыйла, күніге көңіл бөл”, - деп кеңес берді.