Енді Павлодар облысының шенеуніктері 600 миллион теңгені қалталарына басқаны анықталып отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Азаматтарды оңтүстік аймақтардан солтүстіктегі халқы аз елді мекендерге қоныстандыру жобасына бөлінген бюджеттік қаражат ұрланған.
Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында бөлінген бюджеттік қаражатты ұрлау фактілері анықталды.
"Бюджет қаражатын иемденудің тұтас схемасы жасалған, оның ішінде шығынның жартысын алу үшін үйлердің құнын 8 миллион теңгеге дейін жасанды түрде көтерген (үй сатып алу үшін 50% өтеледі, бірақ 4,2 миллион теңгеден аспайтын). Іс жүзінде қараусыз қалған үйлер 500 мың теңгеден бастап сатып алынған",– делінген хабарламада.