600 мыңнан астам адам Еуро-2012 финалына қатысуға ықылас білдірді

Өтініштерді қабылдау футбол қауымдастығының ресми сайтында 2011 жылдың 1 наурызында ашылды, ол енді 31 наурызға дейін жалғаспақ. Трибунадағы орындар мен ойынның маңыздылығына байланысты, бір билеттің құны 30 еуродан, 600 еуроға дейін құрайды.

Чемпионатты ұйымдастыру комитетінің дерегі бойынша, 1,4 миллион билеттің 85 пайызға жуығы жанкүйерлерге сатылса, ал қалғандары сыйлы қонақтарға, демеушілерге, УЕФА мен футбол қауымдастығына мүше-елдердің шенеуніктеріне үлестіріледі.