"68 миллион теңге": Баян Алагөзованың бір күндік образы жұртты таң қалдырды

Блогер Махабаева белгілі продюсер Баян Алагөзованың үстіндегі киімінің қанша тұратынын есептеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жансая Махабаеваның айтуынша, Баян Мақсатқызының бір күндік образы 68 миллион 230 мың теңге.

"Кофтасы - 925 мың теңге, жеңсіз іш көйлегі да сол брендтен - 425 мың теңге, аяқ киімі - 800 мың теңге, сөмкесі - 2 миллион 800 мың теңге, көзілдірігі - 280 мың теңге, мойнындағы алқалары алтын мен гаухартастан жасалған - 4 миллион 600 мың теңге, он алты мотивімен жасалған алқасының құны -18 миллион 700 мың теңге, білезігі- 7 миллион 350 мың теңге, сағаты - 23 миллион 350 мың теңге, жылан формасындағы екі рет оралған, толық гаухартастармен көмкерілген сақинасы - 9 миллион теңге", - деді блогер.

Желі қолданушылары Баян Мақсатқызы осыған лайықты екенін жарыса жазып жатыр.

"Бәрі еңбектің жемісі. Мен бұл кісіінің еңбегін бағалаймын. Рестораны бар Алматыда,орталығы бар т.б. Осындай киініп жүруге әбден лайық қой. Байысын қазақ байысын".

"Күлейік, біреуге күлсең басыңа келеді дейді ғой күліңдер", - деп жазды олар.