6-8 қыркүйекте Қазақстанға Албания президенті ресми сапармен келеді

Сапар аясында екі ел басшылары ертең сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады.