«Балалар шығармашылығының «Ақ көгершін» конкурсы 8 жыл бойы жаңа дарындарды ашып, өнерлі балаларға көп көрерменнің алдында өнер көрсетуге мүмкіндік беріп отыр», - делінген сейсенбі күні таратылған ақпаратта.
Онда атап көрсетілгендей, «Ақ көгершін» байқауы көптеген жас әртістер ұшқан сахна болды. Оның арқасында көптеген балалар Алматы мен Астананың музыка академиясы мен музыка мектептерінде білім алып жүр.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 күн бойы «Ақ көгершін» балалар шығармашылығының жыл сайынғы республикалық конкурсының қатысушылары «хореография», «вокал», «халықтық орындау», «балалар сәні», «бірегей жанр» номинациялары бойынша өнер көрсетеді.
Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен және Қырғызстаннан 600-ден аса бала, 70-тен аса орындаушы, 60 халық әндерін орындаушы, 40 би ұжымы қатысады.
Гала-концерт пен марапаттау 9 қарашада өтеді.
Конкурс ҚР білім және ғылым министрлігінің, Алматы әкімдігінің, қалалық білім басқармасы мен Қазақконцерттің қолдауымен өткізіледі.