Халықаралық «Тур Алматы-2013» веложарысы өткізілуіне байланысты 6-қазан күні оңтүстік астанадағы бірқатар көшелерде көлік қозғалысы шектеледі.
«Шара барысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында таңғы алтыдан бастап Шығыс айналма жолдың Халиуллин көшесінен Торайғыров көшесіне дейінгі бөлігі, әл-Фараби даңғылы мен Сайын көшесі толық жабылады. Қазыбаев, Желтоқсан, Марков, Жамақаев, Шашкин, Ремизовка, Қожанов, Сырғабеков, Гагарин, Розыбақиев, Науайы, Дулати, Мұстафин, Мирас, Асқаров көшелерінен әл-Фараби даңғылына шығатын жолдар да жабылады», - делінген хабарламада.
Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігінде тұратын азаматтар Достық даңғылы, Фурманов көшесі, Сейфуллин даңғылы, Жарықов көшесі арқылы жүре алады.