Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Мамский әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әнші осыдан 20 жыл бұрын 7 ай бойы анасы қайтыс болған нәрестеге өз сүтін беріп отырған.
- Баламды босанғаннан кейін, үйге педиатор келіп жүрген күндердің бірінде мынадай жағдай болды. Педиаторға баламды бір күні суға, бір күні тұзға, тағы бір күні сүтке түсіретінімді айттым. Сонда дәрігер "сүтке" деп, таңқалысын жасырмады. Сол уаұытта терезенің алдында тұрған 3 литрлік банкадағы сүтке көзі түсті. "Мынау сүздің сүтіңіз ба", деп сұраған.
-Иә, мен баламды өзімнің сүтімді осылай жинап, соған түсіремін дедім. Расымен, мен солай жасайтынмын. Содан пежиатор қайту керек болғанымен, бір бұйымтайы барын сезіп, оның қипақтап кете алмай тұрғанын байқадым. Одан өзім сұрадым. Ол да қысыла, қымтырыла ішіндегісін айтты. "Бізде бір дәрігер босанған болатын. Ол босанғаннан соң, өмірден өткен. Қазіргі таңда, ол нәрестеге сүт беретін ананы сұрастырып жүрген едім. Сізге дейінгі ананың бәрі бас тартқан. Сіз 7-ші анасыз, деп бар сырымен бөліскен. Сөйтіп, мен келісімімді беріп, күнделікті алып кетіп жүрді, деп Толқын Забирова бұны бар шын ниетімен, бар ықыласымен өз сүтімен өзге балаға бөліскенін қуана айтып берді.
Сол 7 ай өткеннен кейін, ол кішкентай баланы оынң туыстары, әжесі бірге маған келді. Алдын-ала келіп баланы көрсеткісі келетінін ескертті. Сөйтіп, ол баланы көргенде таңқалдым. Менің балам мүлдем кәшкентай шынашақтай, ал, ол балпанақтай. Демек, менің сүтім ол балаға жаққан ғой деп, қатты сүйсініп, қуандым, деді.
Әншінің айтуынша, ол уақыттың өткеніне 20 жылдың өткенін айтты. Ол бала да мүлдем хабарласпаған.