7 боксшымыз ширек финалға шықты

75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Бекжан Бакиров 2:1 есебімен әзербайжандық қарсыласы Шамил Алиевті тізе бүктірді.

Дәл осындай есеп айырмасымен 60 келідегі Абылайхан Жүсіпов молдавалық Дорин Букшаны жеңді.

49 келі салмақта Шалқар Айхынбай Пуэрто-Риколық Джонатан Лопезді сан соқтырса, Сұлтан Заурбек (56) ресейлік Айтал Дьяконовтен басым түсті. Қос боксшымыздың айқын басымдылықпен жеңгенін төрешілердің 3:0 деген бағасынан-ақ байқауға болады.

81 келіде өнер көрсеткен Вадим Казаков Әзербайжан боксшысы Ибрагим Гулиевті есеңгіретіп, 3 раундта кездесуді техникалық нокаутпен аяқтады.


Үш боксшымыз келесі кезеңге өте алмады. Елдос Қадырбаев (+91) америкалық Дарамни Рокқа техникалық нокаутпен жол берсе, қалған екеуі - Рахат Маржықбаев (69 кг) пен Темірлан Қабиевтің (91 кг) жолын хорват боксшылары кесті.

Ал, қыздар арасында Алуа Балқыбекова (51) мен Валентина Хальзова (75 кг) ширек финалға жолдама алды.

Әйелдер және ерлер арасында барлық салмақтар бойынша 1/4 финалдық кезеңдегі ойындар бүгін өтеді.