Құрметті оқырмандар! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – отансүйгіштіктің, ерліктің және әскери борышқа адалдықтың символы. Ол әскерилер үшін ғана емес, бүкіл қазақ ер-азаматтары үшін маңызды. Өйткені ел қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы әрі абыройлы міндеті.
Бүгін елімізде Отанды қорғаған, қазір қорғап жүрген және болашақта ел тыныштығын күзетуге дайын азаматтардың бәріне құрмет көрсетіледі. Баршаңызға батылдық пен табандылық, ашық аспан мен мықты денсаулық тілейміз!