7 қарашада ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, көк тайғақ болады

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ. 

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді, тұман түсуі ықтимал.

Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерде тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің 18 м/с күшеюі күтіледі.


Оңтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы15-20 м/с-қа жетеді.